COVID-19 қайта өршіп барады. «Омикрон» штаммының жұққыш келетіні айтылып-ақ жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінге берген мәліметі: коронавирус пен оған ұқасас пневмония 14 172 адамнан табылған. 12 адам қайтыс болған. 361 адамның жағдайы ауыр,121 пациенттің жағдайы өте ауыр,70 адам науқас тыныс алу аппаратында жатыр.
Дегенмен мектеп оқушыларының ертеңнен бастап барып оқитыны хабарланды. Ал вакциналау бәсеңдеп қалғаны байқалады. Екі компонентін де салдырғандардың саны 8 685 213 адам. Батыс әлемі мойындаған Пфайзер вакцинасын салдырғысы келетіндер ревакцина аясында ақысына салдыра алады деп жүрген, бұрынғы денсаулық сақтау министрі. Енді тек алпыстан асқандарға салынатыны айтылды. Ақысыз. Жалпы бұл вакцина жасөспірімдерге, аяғы ауыр және босанған келіншектерге арнап алынған. Айтпақшы, Алматыға «Спутник Лайт» деген ресейлік вакцинаның 12 мың дозасы жеткізілген. Ол вакцинаның екі компонентін де алып, жарты жылдан кейін ревакцина жасайтындарға.
Сонымен елімізде бірде бір «жасыл аймақ» жоқ. «Сары аймақта» тек Түркістан облысы. Рас, вирус жұқтырғандар көбейгенін айналамызға қарап-ақ байқадық. Көп, өте көп. Барынша сақтану, вакцина алып, ревакцина жасатудан басқа жолы жоқ.