Түркістан облысы Ордабасы ауданында әжетханаға түсіп кеткен 7 жасар қыз бала құтқарылды. Жер үйдің 4 метрлік тереңдіктегі әжетханасына байқаусызда түсіп кеткен. Оны туыстары шығара алмай, құтқарушыларға хабарласқан. Оқиға орнына жеткен 5 маман арқанның көмегімен баланы жоғарыға алып шыққан. Ол дереу жергілікті ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмектен кейін үйіне қайтарылды.
Айнұр Ақбаева