Ипотекалық бағдарламалар бойынша несие алғандардың төлеу мерзімі ұзартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ипотекалық бағдарламалар бойынша несие алғандардың төлеу мерзімі ұзартылады

24.01.2022

«7-20-25» пен «Баспана хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша несиесін алған азаматтардың төлеу мерзімі 90 күнге ұзартылады. Осылайша, төтенше жағдай енгізілуі нәтижесінде зардап шеккендерге «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ-ы көмек қолын созып отыр. Қаңтардың 5-і мен сәуірдің 5-і аралығындағы мерзімде қарыз алушылар үшін еш айыппұл мен өсімпұл есептелмейді. Ипотекалық несиелерді төлеу мерзімін кейінге қалдыру бойынша өтініштер сәуірдің 4-іне дейін қабылданады.

Қаржылық жағдайдың нашарлауына байланысты несиелерін төлей алмай жүргендер банкке өздері келіп немесе мобильдік қосымша арқылы кіріп өтініштерін өткізе алады. Төлем мерзімін тоқтата тұру қарыз алушының несие тарихына әсер етпейді.  


Хабарламаларға жазылу