Павлодар қаласындағы кәсіпкерлік нысандардың бірінде сұйытылған газ жанып, 2 адам күйіп қалды. Оларға жедел дәрігерлік көмек көрсетілді. Зардап шеккендер ауруханаға жатудан бас тартты. Өрттің аса қауіптілігіне және жарылыс болуы мүмкіндігіне байланысты жалынды тұмшалауға бірден арнайы 8 көлік келді. Себебі сұйытылған газ тек қана өндірістік мақсатта емес, аумағы ат шаптырым ғимаратты жылыту үшін де қолданылған.
Тілекжан Галямов, қалалық ТЖЖ басқарма басшысының орынбасары:
Өртті жойғаннан кейін газдың таралуын болдырмау үшін механикалық көбік берілді. Өрттің шығуына газды пайдалану, газбен жабдықтау жөніндегі нысандарды пайдалану талаптарының бұзылуы себеп болды. Шығыны анықталуда.
Болат Аманбаев