Атырауда індет жұқтырған 6000-ға жуық науқас үйде емделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда індет жұқтырған 6000-ға жуық науқас үйде емделіп жатыр

25.01.2022

Атырауда коронавирусқа шалдыққан 20 науқастың жағдайы ауыр. 1 адам көз жұмды. Соңғы тәулікте 567 адам індет жұқтырған. Стационарларда жатқан науқастар саны 500-ден асты. 6 000-дай тұрғын үйде ем алып жатыр. «Теңіз» мұнай-кен орнында да эпидахуал мәз емес. 45 жұмысшыдан вирус анықталды. Дәрігерлер вакцина алудың маңызды екенін ескертеді.

Өңірде 267 000-дай тұрғын екпе салдырды. 19 000-нан астамы вакцинаның 3-дозасын қабылдады.          

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу