Елордада 50-ден астам дін өкілі коронавирусқа қарсы ревакциналаудан өтті. Олар бұған дейін екпенің екі дозасын салдырған. Соның нәтижесінде қауіпті індетті жеңіл өткердік дейді. Жалпы, ел астанасында барлық діни қызметкерлер толық вакцина алған. Ендігі кезекте ревакциналаудан өтуді жоспарлап отыр.
Нұрдәулет Әлмұханов, Нұр-Сұлтан қаласы Дін істер жөніндегі басқарма басшысы:
Діни бірлестіктердің басшылары бүгінгі таңға дейін толық вакцинацияланды. Және өздеріңіз көріп отырғандай бүгін және діни бірлестіктер қайтып келіп ревакцинациядан өтіп жатыр. «Дені саудың жаны сау», демекші елордалықтардың барлығын ревакцинациялауға шақырамыз.