Ақұштап Бақтыгерееваның мерейтойына арналған мүшәйра өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақұштап Бақтыгерееваның мерейтойына арналған мүшәйра өтті

25.04.2014
Ақұштап Бақтыгерееваның мерейтойына арналған мүшәйра өтті

«Ақжайықтың ақ шағаласы». Оралда Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жасқа толуына арналған мүшәйра өтті.
  
 Ауқымды шара - ана тілі, туған өлке және жас ұрпақ тәрбиесіне талай жалынды жырлары мен сезім шерін шертер өлеңдерін арнаған ақынға көрсетілген құрмет.
  
 Еліміздің әр өңірінен келген шығармашыл жастар өзара сайысып, жырдан шашу шашты.
  
 Ал, талапкер таңдаған тақырыптың мазмұнын, тілдің көркемдігін, сахна мәдениетін Ақұштап ақынның өзі бастаған қазылар алқасы бағалады. 
 
Жадыра Ирманова, студент: 
Оза шабар сөз бәйгесі дегенде,
Құмар едім бала кезден өлеңге.
Мықты ауылда туылыппын сіз туған
Мықты ақын шығар ма екен менен де?!
 
Ақұштап апама өзімнің өлеңімді арнадым. Ақындық деген тума дарын. Құдайдың берген қабілетін шыңдасам деген ойдамын.   
  
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу