Депутат: Тергеудің әділ де ашық өтуін тексеру үшін комиссия қатарын көбейту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: Тергеудің әділ де ашық өтуін тексеру үшін комиссия қатарын көбейту керек

26.01.2022

Содыр жейтін соққыны момын да жеп жатыр. Сондықтан шабуыл жасаған бүлікшілер мен бейбіт шерушілерді екі бөлек қарастыру керек. «Ақ жол» партиясы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Президент жанындағы Адам құқы жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімоваға осылай деп депутаттық сауал жолдады.

Қаңтардағы оқиғада 227 адам қаза тапты. Зардап шеккендер саны 4 мың 500-ден асты. Тағы соншама адам түрлі жарақат алған. Қазір қоғам қобалжулы. Алаң көңілді басу үшін азаптаулардың алдын алатын комиссия құрамын кеңейту керек. Өйткені, кей өңірлерде 4-5 маман ғана бар. Олардың қатары әр қаладағы абақтыны аралауға аздық етеді. Сосын мемлекеттік төңкеріс жасаушыларды бүкіл ел білуі үшін Парламенттік тыңдау өткізу керек.

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Тергеуді заң жолымен әділ өткізу керек: қамаудағыларды азаптауды тоқтатып, адвокаттарға жол ашылуы тиіс. Жаралыларды ауруханаларға жатқызу қажет. Адам құқы мен бостандықтары сақталып, тергеудің әділ де ашық өтуін тексеру үшін Адам құқы жөніндегі уәкілдігі жанынан комиссиялар құрып, Парламент пен жергілікті мәслихат депутаттарын, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерін қосу керек.


Хабарламаларға жазылу