Маңғыстау облысында жедел-жәрдем қызметіне түсетін шақырту саны тәулігіне 1200-ге дейін өсті. Бұған дейін 103 пультіне 900–ге жуық шақырту түсетін. Өңірде коронавирус инфекциясының белең алуынан медициналық көмекке жүгінетін науқастар көбейген. Аймақта 14 подстанция жұмыс істеуде.
Бригадалар қажетті жабдықтарымен қамтамасыз етілген.