Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы ала бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы ала бастайды

27.01.2022

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлердің үштен бірі жақын күндері өтемақы алады. Бұл туралы тәртіпсіздік кезінде шығынға батқан шағын және орта бизнес нысандарын қалпына келтіру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысында айтылды.  

Комиссияның мәліметінше, кейбір шағын кәсіп иелері қандай заты бүлінгенін немесе ұрланғанын құжат арқылы дәлелдей алмай отыр. Мұндай жағдайда мемлекеттік өтемақы алу үшін аудит пен бағалау жүргізу қажет. Бұл көп уақытты талап етеді. Сондықтан 2 ірі бизнес иесі 450 кәсіпкерге 579 млн теңге көлемінде шығынын өтеп беруге ниет білдірген. Бұл тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен барлық бизнес субъектілерінің 28%-ы. Әлі де зардап шеккен нысандар бойынша деректер жинау жалғасуда.

Еске салайық, қаңтар қасіреті кезінде Алматыда 1 600-ге жуық кәсіпкерлік субъектісі зардап шекті. Жалпы шығын сомасы 45 млрд теңгеден асады.


Хабарламаларға жазылу