Елде 159 000 адам коронавирустан емделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 159 000 адам коронавирустан емделіп жатыр

27.01.2022

Елде өткен тәулікте 13 600-ден аса адам коронавирус жұқтырды. Жалпы індеттен 160 000-дай тұрғын емделіп жатыр. 150 000 науқас үйде, қалғаны стационарда. Жұқпалы дерт және соның белгілері бар пневмониядан тағы 15 адам қайтыс болды. «Жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. Түркістан облысы ғана «сары» аймақта. Қалғаны «қызыл» аймақта.

Ал, вакцинаның бастапқы дозасын 9 157 000-дай адам салдырса, 2-компонентін 8 млн 727 000-ға жуығы қабылдады. Елордада қоғамдық көліктерді зарасыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізіледі. Автобустарды санитарлық өңдеу үшін күніне 2 800 литр дезинфекциялық ерітінді қолданылады.   


Хабарламаларға жазылу