Ақмола облысында індеттің таралуы 7 есе көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында індеттің таралуы 7 есе көбейген

27.01.2022

Ақмола облысында өткен аймен салыстырғанда індеттің таралуы 7 есе көбейген. Соңғы мәлімет бойынша 1 тәулікте коронавирус жұқтырғандар 900-ден асты. Облыстағы ахуалды тікелей байланысқа шыққан әріптесім Ермек Елбергеннен білейік.

Ермек Елберген, тілші:

Қаңтарда індеттің таралуы өршіп тұрғаны белгілі. Ақмола облысында пандемия басталғалы 60 000 адам ауру жұқтырса, оның 12 пайызы, яғни 7 000-ы соңғы аптада анықталды. Өткен аймен салыстырғанда дертке шалдыққандар 7 есеге көбейген. Әсіресе, Көкшетау мен Бурабай ауданында науқастар көп тіркелуде. Осы айда 800-ден астам оқушы індет жұқтырған. Ал, мектеп жасына дейінгі балалар арасында 136 жағдай тіркелді. 75 мектепте 109 сынып карантинде. Оқушылар қашықтан білім алуда. 315 000-нан астам ақмолалық екпенің 2 бөлігін де алған. Бұл тұрғындардың 43 пайызы ғана. Ал 55 000 адам ревакцинация жасап, 3-бөлігін салдыртқан. Облыс «қызыл» аймақта болса да, аумағы 6 000 шаршы метрге дейінгі сауда нысандарына шектеу алынды. Бетперде режимі мен «Ashyq» жүйесін қолдану сақталуда.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу