Ресей Украинаға басып кірсе, «Солтүстік ағын-2» газ құбыры жобасы тоқтатылады. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, жағдай ушықса, Құрама Штаттар мен оның одақтастары Ресейге шұғыл және қатаң жауап береді. Германия да «Солтүстік ағын-2» газ құбырына санкция жариялауға дайын екенін ескерткен еді.
Арай Төлегенқызы