Көкшетауда өрт кезінде 35 адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда өрт кезінде 35 адам эвакуацияланды

28.01.2022

Көкшетауда өрт кезінде көпқабатты үйден 35 адам эвакуацияланды. Оның 14-і бала. Өрт 5 қабатты үйде түнгі сағат 10 шамасында шыққан. Сондықтан адамдардың көбі үйлерінде болған. Баспананың бірінші қабатындағы пәтердің 15 шаршы метр аумағы отқа оранды. Салдарынан жиһаздар мен жеке заттар зақымданды. Жарақат алғандар жоқ. Тілсіз жаумен күреске 20 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Өрт шамамен жарты сағатта сөндірілді. Жалпы Ақмола облысында өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда өрт саны азайды. Бірақ зардап шеккендер көбейген. Осы айда өңірде өрттен 5 адам көз жұмды.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу