Тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдай: Екі ел оқ атуды тоқтатуға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдай: Екі ел оқ атуды тоқтатуға келісті

28.01.2022

Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері оқ атуды тоқтатуға және шекараға тартылған қосымша әскерді алып кетуге келісті. Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады. Бұған қоса, Баткен-Исфана арасындағы жол ашылады. Екі елдің құқық қорғау органдары қақтығысты болдырмау үшін шекара бойындағы елді мекендерді бірлесе қадағалауға келісті. Тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдай бейсенбінің кешінде ушықты. Екі тарап бір-біріне оқ атқан. Олар қақтығыстың басталуына бірін-бірі айыптады. Соңғы мәліметке сай, қақтығыстан 17 адам жарақат алған. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу