Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиадаға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиадаға аттанды

28.01.2022

Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына ұшып кетті. Жарыс алдында спортшылар мен жаттықтырушылар бөлек тұрып, жеке жаттықты. Яғни, карантин талаптары қатаң сақталды. Оларды Қытайға да арнайы рейспен жеткізеді. Осы рейсте конькимен жүгіру, шорт-трек, фристайл-могул, тау шаңғысы, шаңғымен трамплиннен секіру және шаңғы қоссайысына қатысушылар бар. Ал, шетелде ақырғы оқу-жаттығу жиынынан өткен топ, атап айтқанда биатлон, шаңғы жарысы және фристайл акробаттар Қытайға жеке маршрутпен барады. Қысқы Олимпиада 4 ақпанда Пекиннің ұлттық стадионында салтанатты түрде ашылады.

Хабарламаларға жазылу