Түркістан облысында 120 мыңға жуық тұрғын ревакцинация алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 120 мыңға жуық тұрғын ревакцинация алды

28.01.2022

Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 90 жағдайы тіркелді.

Тәуліктік өсім 0,50% құраған. Дегенмен сала мамандары тұрғындарға босаңсуға болмайтынын ескертеді. Сақтық үшін ревакцинация жасау керек деп отыр. Қазір өңірде ревакцнация салдыру бекеттерінің саны 150-ге жеткен. 341 мобильді бригада жасақталып, екпе салу барысы қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде 120 мыңға тарта тұрғын ревакцинацияланды. Ал, вакцинаның бірінші компонентімен түркістандықтар толық қамтылған. Екінші құрамды 1 039 738 адам қабылдаған.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу