Саясаттанушы және Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров елдегі төтенше жағдай осыдан 10-15 жыл бұрын жасалуы тиіс саяси реформалардың уақытылы қолға алынбағандығынан туындады дейді.
Кеше Президент Қ.Тоқаевтың Хабар 24 телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбаты эфирге шықты. Күн тәртібіндегі сұрақтардың біразына жауап берді. Қазіргі жағдайды, жалпы ахуалды бағамдап, біз бірнеше сауалдың жауабын ұсынамыз. Неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін былай түсіндірді.
ҰҚШҰ әскери контингентін шақыру бойынша айтқаны:
Ақпаратты тарату жағынан жеңілдік деді.
Парламенттік жүйені өзгерту туралы ойы бар.
Сондай-ақ, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен "ешқандай сауда" болмағанын айтты.
Әрине ешқандай да "сауда" болған жоқ. Жеке басқа артықшылық беру жөнінде де әңгіме болған емес. Тек Қауіпсіздік кеңесі төрағасының статусы туралы мәселені дереу шешу туралы әңгіме болды. Жағдай ушыққан кезде, шынымды айтайын, халыққа жолдау жасап, Қауіпсіздік кеңес төрағалығын мойныма алатыным жөнінде мәселе қойдым. Ол мәселе бірден шешілді, – деді Тоқаев.