Ақтауда халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды

01.02.2022

Ақтауда халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды.

Оны елордалық полицейлер құрықтаған. Күдікті «Nur-AvtoKz ЖШС»-нің директоры. Былтыр қыркүйектен бері оған қатысты 280-ге жуық тұрғыннан арыз түскен. Олар көліктері мен қаражаттарын компания басшылығы алаяқтық жолымен алып қойды деп шағымданды. Сондай-ақ, серіктестік директоры автокөлік сатамыз деген желеумен, 45 жұмыс күні ішінде нарықтан төмен бағаға автокөлік беру туралы азаматтармен келісім-шарттар жасаған. Тұрғындар ақшаны серіктестіктің кассасына апарып, алданып қалған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгеден асты. Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 35 жастағы ЖШС директоры былтыр қазан айында тергеу органдарынан қашып кеткен. Содан бері оған іздеу жарияланды. Жедел іздестіру шаралары барысында ұсталып, Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.


Хабарламаларға жазылу