Алматылық дәрігерлер «омикронның» басқа штамдардан айырмашылығын атап өтті. Олардың сөзінше, «дельта», «дельта плюс» сынды вирустармен салыстырғанда бұл штаммының таралуы қарқыны жоғары. Ал симптомдары жеңілірек өтеді. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Сондықтан аурудың белгілерін сезсеңіз, дереу медициналық көмекке жүгінген дұрыс. «Омикронмен» күрестің тиімді тәсілдерінің бірі - вакцинация және ревакцинация дейді дәрігерлер
Тамара Ұтағанова, инфекционист дәрігер:
Екпе алғандар және алмағандар арасында аурудың ерекшеліктері бар. Екпе ол вирус туралы біздің иммундық жүйемізге ақпарат береді. Екпе алмағандарда ол ақпараттардың саны аз. Сондықтан екпе алмағандар өте жиі ауырады және ауыр ахуалға әкеп соғу ықтималдығы жоғары. Екпе алғандар да залалданады, ол мүмкін. Бірақ ауру ағымы жеңілдеу болады.