Қарағанды облысының 9 ауданына жылжымалы әлеуметтік дәріханалар қызмет көрсетеді. Әрқайсының құны - 14 миллион теңге. Енді бұл көліктер бекітілген кесте бойынша ауыл-ауылды аралап, арзан бағаға дәрі-дәрмек апарады. Бұған дейін көп аудандарда жалғыз стационарлық дәріхана жұмыс істеп келген. Қазір қиындық артта қалды. Әр жылжымалы дәріханада дене қызуын түсіретін, қан қысымын реттейтін, жөтелге қарсы, басқа да 500-ге жуық дәрі-дәрмек бар. Диспансерлік тіркеуде тұрған науқастарға тегін жеткізіледі. Ал қалған медициналық препараттардың бағасына қосылатын үстемені 5 пайыздан асырмау міндеттелді.
Алпыс Аманжолов, Шет аудандық ауруханасының директоры:
Ауданымыз бойынша 25 ауылдық округ болса, соның барлығына арнайы кесте бекітіліп, осы кесте бойынша алыс-шалғайда жатқан елдімекендерге кезекпен жіберілетін болады. Сол жердегі халықтың сұранысына байланысты алынатын арзан дәрі-дәрмектерді тек 5 пайыз үстеме қосу арқылы сатып отырмыз