Алматыда бүлікке қатысы бар деп ұсталған 36 адам босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бүлікке қатысы бар деп ұсталған 36 адам босатылды

01.02.2022

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деп қамалған 36 адам тергеу изоляторынан босатылды. Азаматтардың құқығын қорғап, бостандыққа шығару мақсатында құрылған «Аманат» қоғамдық комиссиясының мәліметінше, Алматы қаласы бойынша әлі 280 адам қамауда отыр.

Комиссия мүшелерінің сөзінше, 12 полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Олар уақытша ұстау изоляторында отырғандарға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінген. Қазір іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қарауында. Бір апта ішінде босатылған адамдардың дені - оқ тиіп, жараланғандар. Арасында бейбіт шеруге шыққандар мен кәмелетке толмаған екі жасөспірім бар. Адвокаттар соңғы кезде қамалғандарды босатып береміз деп ақша сұрайтын алаяқ топ пайда болғанын да ескертті.

Мәди Мырзағараев, адвокат, комиссия мүшесі: 
Сол себепті азаматтарға «Аманат» комиссиясы жұмысы тегін, ақысыз. Біз ешқандай ақша алмаймыз. Құнды заттар алмаймыз. Бізге марапаттау, сыйақы керек емес. Балаңызды, туысқаныңызды, досыңызды шығарып беремін, көмектесемін деп қандай да бір ақша, бағалы сыйлықтар сұрап дәмететін адамдар болса алданып қалмаңыздар.


Хабарламаларға жазылу