ДДСҰ «омикронның» өршуі шарықтау шегіне жетпегенін ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ «омикронның» өршуі шарықтау шегіне жетпегенін ескертті

02.02.2022

Коронавирустың «омикрон» штамының өршуі көптеген елдерде өзінің шарықтау шегіне жеткен жоқ. Сондықтан карантин ережелерін дереу емес, біртіндеп жеңілдету керек. Мұны Женевада өткен баспасөз маслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

Айта кетсек, «омикрон» алғаш рет осыдан он аптаға жуық уақыт бұрын анықталды. Содан бері жер шарында 90 миллиондай коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген екен.

Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы:

Кейбір елдерде «омикрон» тез тарап жатқандықтан, оны жұқтырудың алдын алу мүмкін еместігі айтылып жатыр. Бірақ көбірек таралу - көбірек құрбанды білдіреді. Біз ешбір елді карантинге қайта оралуға шақырмаймыз. Алайда әлемді барлық құралды пайдалана отырып, өз халқын қорғауға үндегіміз келеді.

Медициналық қалдықтар адамдар денсаулығына қауіп төндіріп тұр

Вируспен күресте қолданылғанған құралдар медициналық қалдықтарға айналып, планета жұртшылығының денсаулығы үшін үлкен проблема туындатып отыр.

Пайдаланылған миллиардтаған маска мен шприцтер және вакцина флакондары ондаған мың тонна қоқысқа айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ескертуінше, олар адамдарға ғана емес, қоршаған ортаға да қатер төндіріп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу