Путин АҚШ-ты айыптап, мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин АҚШ-ты айыптап, мәлімдеме жасады

02.02.2022

Владимир Путин АҚШ-ты «Ресей мен Украинаны соғыстырмақ ниетте» деп айыптады. Оның сөзінше, Вашингтон Мәскеуге жаңа санкциялар жариялауға мүдделі. Ал аймақтағы тайталасты осыған сылтау ретінде пайдаланғысы келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Украина маңына 100 мыңнан астам жауынгерін шоғырландырған еді. Құрама Штаттар мен НАТО-ға сенсек, Кремль сол күшпен Украинаға басып кіруге әзірленіп жатыр. Ресей болса, мұны үнемі жоққа шығарып келеді.

Өткен тәулікте Украина президенті Владимир Зеленский «Украина мен Ресей арасындағы жанжал Еуропада ауқымды соғысқа ұласып кетуі мүмкін» деп ескерткен еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу