«Бәйтерек» холдингіне жаңа басшы тағайындалды. Премьер-министр Әлихан Смайылов директорлар кеңесінің шешімімен сайланған Қанат Шарлапаевты ұжымға таныстырды. Оның әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – «Сити» құрылымдарындағы басқарушылық жұмыс тәжірибесін атап өтті.
«Бәйтеректің» алдына маңызды міндеттер қойылған. Бірінші кезекте қаржыландырудың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру, экономиканың шикізаттық емес секторларын және кәсіпкерлікті дамыту.
«Мемлекет басшысы осы бағыттарға баса көңіл бөледі және холдинг жұмысынан тиімді нәтиже күтеді», - деді Әлихан Смайылов.