Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қайта құрылымдау басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай бірқатар шара жүзеге асырылмақ. Комитет органдарының, оның ішінде Шекара қызметі мен Арнаулы мақсаттағы қызмет құрылымын, міндеттері мен функцияларын бағалау және оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.
Терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметі қайта құрылады. Жеке құрамның жауынгерлік дайындығы күшейтіледі.