Сенатта халықаралық шарттар бойынша заң жобасы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта халықаралық шарттар бойынша заң жобасы қаралды

03.02.2022

Бүгін Сенатта халықаралық шарттар бойынша заң жобасы қаралды. Құжат халықаралық шарттар бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген. Жоба 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына сәйкес келтіруге, сондай-ақ олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған. Заң жобасында «дәйектеу» және «халықаралық шарт жасасу» ұғымдарының анықтамалары қайта қаралды, «қол қою» мен «өкілеттік» ұғымдары нақтыланды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
Қабылданған заң халықаралық шарттарды жасасау тәртібін қадағалайды. Сондай-ақ осы бағыттағңы тиісті рәсімдерді жетілдіруді көздейді. Бұл құжат шет елдермен, халықаралық ұйымдармен қарым-қаныстаты реттейтін құқықтық нормаларды реттейді. Алдағы уақытта заң ел игілігі үшін қызмет етеді деп сенеміз.


Хабарламаларға жазылу