Бағдат Мусин: Заңсыз майнерлер - экономикалық қылмыскерлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдат Мусин: Заңсыз майнерлер - экономикалық қылмыскерлер

04.02.2022

Министр жасырын майнерлерді экономикалық қылмыскерге теңеді. Осылай деген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халықты майнерлердің жымысқы әрекеті туралы билік органдарына хабарлап отыруға шақырды. Өйткені олар елдегі энергетика жүйесіне орасан зардабын тигізіп жатыр дейді Мусин.

«Қазіргі таңда заңсыз майнингке кететін энергия көлемі 1 гигаваттан асады. Бұл дегеніміз, мысалы, бір компьютердің толық мүмкіндігін 100 жыл қолданғанда кететін энергияға тең. Біз олардың жолын кесіп қана қоймай, салық алып отыруымыз керек», - деді министр.

Сондай-ақ Бағдат Мусин жасырын майнерлердің заңды бұзбай-ақ жұмыс істеуге мүмкіндігі барын айтты.


Хабарламаларға жазылу