ҰБТ-дан талапкерлердің 34%-ы шекті балл жинай алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-дан талапкерлердің 34%-ы шекті балл жинай алмады

04.02.2022

Қаңтарда өткен ұлттық біріңғай тестілеуден талапкерлердің 34%-ы шекті балл жинай алмаған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш түлектердің қаңтар айында алғаш рет электронды форматта тест тапсыруымен тікелей байланысты. Әрі Ұлттық тестілеу орталығы пандемия кезінде оқушыларды қолдау мақсатында YouTube арналарында барлық пәндерден тегін сабақ өткізуді қолға алған. Тікелей эфирдегі сабақтарды ең үздік текстке дайындау орталығының мамандары, яғни, білікті педагогтер өткізеді

Руслан Емелбаев, ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

Жазғы компьютер форматта өткен негізгі ҰБТ-мен салыстырсақ, ол кезде 37%-ы өте алмаған болатын. Яғни бұл ҰБТ-ның адал және ашық өтіп жатқанының бір көрсеткіші. Компьютерлік форматтың өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, баланың өзі тіркеледі. Тест өтетін уақытты, жерді, күнін өзі таңдайды

Хабарламаларға жазылу