Алматы қаласының әкімдігі елімізде әкімдерді сайлауды енгізу бойынша митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Қоғамдық даму басқармасы хабарлады.
Қоғамдық жиын 5 ақпан күні сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанында өтеді. Белсенділер Алматы қаласының әкімін халықтың өзі сайлау қажеттігін айтады.