Бүгін 17:55-те XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді. Шараны «Qazaqstan» арнасында - Есей Жеңісұлы мен Уәлихан Қосанбай, «Qazsport» арнасында - Сергей Райлян мен Индира Бектенова жүргізеді.
Ал ашылу салтанаты алдында «Qazaqstan» телеарнасынан «Бейжің-2022» студиялық бағдарламасы эфирге шығады. Спикер: конькимен жүгіруден мемлекеттік жаттықтырушы Кенжеш Сарсекенова. Жүргізуші - журналист Ерсін Ерікұлы.
Ашылу салтанатынан кейін «Qazsport» телеарнасы «Олимпиадалық Пекин» бағдарламасын ұсынады. Бағдарламаға Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қысқы спорт түрлерінің басқарма басшысы Айжан Есентаева, фристайлдан мемлекеттік жаттықтырушы Қазбек Иманғали, шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі Мадина Жанбосынова қатысады. Жүргізушілер: Телжан Күдеров және Индира Бектенова. Студиялық жобалар Қысқы Олимпиада ойындарының соңына дейін күн сайын тікелей эфирде жалғасады.
Тікелей трансляцияны эфирден бөлек, www.qazaqstan.tv және www.qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы мен QazaqstanTV YouTube арнасынан тамашалай аласыздар.