Ақмола облысында жалған вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Бұл туралы брифинг барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтты. Өңірде өткен жылы екпе алу туралы құжатты заңсыз беру дерегіне сәйкес 8 қылмыстық іс тіркелген болатын. Бірнешеуі бойынша тергеу тексеру әлі де жалғасып жатыр. Ал 2-3 дерек бойынша сот шешіміне сәйкес, қызметкерлермен еңбек шарты бұзылды. Сондай-ақ, оларға айыппұл салынды. Биыл мұндай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Десе де, жауапты мекемелер әрдайым тексеріс жүргізіп, алдын-алу шараларын қабылдауда. Екпе салатын орындарда бейнекамералар қойылған.
Ермек Елберген