Дональд Трамп «энергетикалық тәуелсіздік»  жарлығына қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп «энергетикалық тәуелсіздік»  жарлығына қол қойды

29.03.2017

Америка президенті Дональд Трамп «энергетикалық тәуелсіздік» жарлығына қол қойды. Осы құжат арқылы ол экс-басшы Барак Обаманың климаттық өзгерістермен күресу туралы бірқатар заңнамаларын алып тастап отыр.                                                  

Нақтырақ айтсақ, Трамп метан мен көміртегінің ауаға таралуымен күреспек емес. Мемлекет басшысының сөзінше, кезінде Обама қолданған шаралар  қазір тиімсіз. Алайда, президенттің жаңа жарлығымен келіспегендер де бар. Олар Ақ Үй маңына жиналып, наразылығын білдіріп жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу