Ақ Олимпиадада Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әні шырқалды. Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев қысқа бағдарламада қазақ ақынының әнімен өнер көрсетті.
Сайыста ол 85,30 ұпай еншілеп, 16-орынға жайғасты. Енді 10 ақпанда еркін бағдарламада сынға түседі. Денис Васильев осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2018 жылы бірінші рет Пхенчхан Олимпиадасына қатысқан болатын. Онда ол жарысты 19-орынмен аяқтаған.