Павлодар мұнай-химия зауытының директоры ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар мұнай-химия зауытының директоры ұсталды

08.02.2022

Павлодар мұнай-химия зауытының директоры ұсталды. Оспанбек Әлсейітов - облыстық мәслихат депутаты. Оған өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды немесе жеке басының қажеттілігі үшін пайдаланды деген айып тағылып отыр. Бейресми мәлімет бойынша, Әлсейітов басқаратын кәсіпорын «Ертіс нефтесервис » ЖШС-мен құны 500 млн.теңгеден астам келісім-шартқа қол қойған. Бірақ аталған қаржы кәсіпорын игілігіне жұмсалмаған. Істі облыстық экономикалық тергеу департаменті қарап жатыр. Өкілетті орган БАҚ өкілдеріне әзірге ақпарат таратпай отыр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу