Ақтөбе әуежайында бұзақылық жасаған ақтаулық азамат 3 тәулікке қамауға алынды.
Оның ерсі қылығын алдымен әуежайдың тексеру бөлімінің мамандары байқаған. 46 жастағы ер адам айналасындағыларды балағаттап, дөрекілік танытқан. Қызметкерлер полиция шақыруға мәжбүр болды. Ақтөбеден Ақтауға ұшқалы тұрған азамат құқық қорғаушыларға да қарсылық білдірген. Ол қоғамдық орында ішімдік ішкені, ұсақ бұзақылығы және заң өкілдеріне бағынбағаны үшін айыпталып, үш тәулікке қамауға алынды.
Жақсыбек Кемал