«Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті Эммануэль Макрон Украина төңірегіндегі шиеленісті бәсеңдету бойынша келісім жасады. Ал Кремль өзі қойған шарттармен АҚШ-тың келісуін күтіп отыр».
Британиялық «Financial times» газеті осылай деп жазды. Басылым француз дереккөздеріне сілтеме жасаған. Макалада Путин мен Макрон 5 сағаттық келіссөз кезінде жаңа әскери бастамаларды қабылдамауға, ресей әскерінің орналасуына қатысты кеңейтілген диалог өткізуге келісті делінген. Дегенмен екі ел президенттері баспасөз мәслихатында бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Кейін Кремль қос лидердің Украина бойынша келісім жасағанын жоққа шығарды.
Ал Франция президенті Киевке сапарында Ресей президенті Украина дағдарысын одан әрі ушықтырмауға уәде берді деп мәлімдеді. Макронның сөзінше, шиеленісті дипломатия арқылы шешу ұзаққа созылуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы