Америка Құрама Штаттарында рекордтық көлемде биткойн ұрлығы әшкереленді. Дәлірек айтсақ, әділет министрлігі заңсыз криптовалюта саудасынан түскен 3,6 млрд долларды тәркілеп отыр. Алаяқтыққа барған ерлі-зайыпты Илья Лихтенштейн мен Хезер Морган қамауға алынды. Олар 2016 жылы криптовалюта биржасын бұзып, 119 мың 754 биткойнды ұрлап әкеткен. Сол кезде осыншама биткойн 71 млн доллар тұрса, қазір олардың бағасы шарықтап, 4,5 млрд долларға бағаланып отыр.
Арай Төлегенқызы