Қарызға батқандарға қандай көмек беріледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарызға батқандарға қандай көмек беріледі?

09.02.2022

10 жыл бойы қолдау таппаған заң жобасы жұрттың жағдайы күрт нашарлағанда қызу талқыланып жатыр. Құжатты асықтырып, әзірлеуіне түрткі болған Президенттің өзі. Бұл төлем қабілетін қалпына келтіру және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң. Елде 1 миллионнан аса адамның несиелерді өтеу мерзімі бұзылған.

Сондай-ақ борышкерлердің мүлкі болмауына байланысты 4 млрд теңге өндіру құжаты кері қайтарылған. Коммуналдық төлемдер мен салыққа берешегі барлар да жетіп артылады.

Сонымен қарызға белшесінен батқандарға қандай көмек берілмек?

Егер 5 млн теңгеден аса берешегі болып, тұрақты табыс тапса, онда 5 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік жасалады.

Бірақ тұтынушыда төменгі күн көріс деңгейіне шаққандағы 38 мың теңге қалуы керек. Ал егер төлем жүргізуге шамасы келмесе, екі жағдайда банкрот деп танылады. Алғашқысы - соттан тыс банкрот атану. Олар үш санаттан тұрады. Қаржы ұйымдарына 5 жылдан аса қарызын кешіктіру. Кейінгісі 12 ай бойы несиесі өтелмегендер. Бұл жағдайда қарыз сомасы 300 мың теңгеден аспауы керек.

Тағы 5 млн теңгеге дейінгі берешегін 6 ай қатарынан жаппағандар банкрот деп анықталады. Ал сотпен банкрот деп тану 5 млн теңгеден аса қарызы барларға қатысты. Мұндайда борышкердің мүлкі аукционда сатылады. Түскен қаражат кредиторлар есебіне өтеледі. Егер жалғыз тұрғын үй кепілде тұрса, онда банк сот арқылы қайтарып алуға құқылы. Ал кепілде тұрмаса, несие берушілер оны талап ете алмайды. 

Хабарламаларға жазылу