Мамырға дейін 144 500 тонна картоп экспорттауға рұқсат беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамырға дейін 144 500 тонна картоп экспорттауға рұқсат беріледі

09.02.2022

Елде мамырға дейін 144 500 тонна картоп экспорттауға рұқсат беріледі. Сонымен бірге картоптың тағы бір түрін 57 500 тоннаға дейін сыртқа саудалауға шектеу қойылмауы мүмкін. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі көкөніс экспорттына квота енгізген. Жақында елден картоп әкетуге квота алуға өтінімдерді қабылдау басталады. Бұған дейін мамандар экспорттың бағаның өсуіне әсер етпейтінін айтқан. Қазір елде халық 350 мың тоннаға дейін картоп тұтынады. Мұндай тәсіл шаруаларға мамырға дейін ішкі нарықты көкөніспен қамтып, қалғанын сыртқа сатуға мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу