Түркістан облысында 240 мың адам ревакцинациядан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 240 мың адам ревакцинациядан өтті

10.02.2022

Түркістан облысында 240 мың адам ревакцинациядан өтті. Ал, «Pfizerдің» алғашқы компонентін 167 мың , екіншісін 100 мыңға тарта тұрғын салдырған. Соның арқасында аймақта соңғы күндері індет жұқтыру дерегі азайды, - дейді мамандар. Мәселен, соңғы тәулікте ковидке небәрі 17 адам шалдыққан. Осылайша коронавирустың тәуліктік өсімі 0,10%-ды құраған. Десе де сақтық шаралары барынша қолға алынған. Облыста 900 инфекциялық және 350 карантиндік төсек-орын әзірленген.


Хабарламаларға жазылу