Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

10.02.2022

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталды. Алматы қалалық соты оларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдіктілердің заң бұзушылығы дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Қазір Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов тергеу сотының шешімен 1000 АЕК мөлшерінде кепіл ақшамен босатылды. Ал Азизжан Саидбаевты сырттай қамауға алу туралы сот шешімі шықты.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:
«Мударабах Капитал» компаниясының бірнеше жетекшісі қамауға алынған болатын. Қазір осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы үш азамат айқындалды.  Қазіргі таңда С. есімді азаматтың қай жерде екендігі анықталу үстінде.


Хабарламаларға жазылу