Жаңаөзенде 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады

10.02.2022

Жаңаөзен қаласында жұмыссыз тұрғындарды еңбекпен қамту бойынша облыстық комиссия жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, мұнайлы қалада тұрғындар бір аптадан бері жұмыс талап етіп жатыр. Осыған байланысты облыс әкімі бірінші орынбасарының төрағалығымен комиссия құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдармен, «ҚазМұнайГаз» және «Өзенмұнайгаз» компанияларының өкілдері кірді. Олар бастамашыл топ өкілдерімен кездесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Нәтижесінде жұмыссыз азаматтарды 3 бағыт бойынша, қысқа, орта және ұзақ мерзімде жұмысқа орналастыруға шешім қабылданды. Қазірдің өзінде «Өзенмұнайгаз» компаниясында - 100, оған сервистік қызмет көрсететін серіктестіктерде - 61 жаңа жұмыс орны құрылатын болды. Ал, жыл соңына дейін 400-ден астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарда бар.

Абзал Меңдібаев, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Қысқа мерзімді жұмыс орындарын ашу бойынша 161 жұмыс орнына қосымша тағы да мекемелермен сөйлесе отырып, жұмыс орындарын көбейту жөнінде жұмыс жүреді. Орта мерзімді, ұзақ мерзімді жұмыстар бойынша жүйелі жұмыс жалғасын таба беретін болады. Комиссияның да өзінің ойы осы схеманың әділдігін қамтамасыз ете отырып, ары қарай орналасатын адамдарда осы схема арқылы жүргізуі.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу