Ақмола облысында дүкендерге азық-түлік делдалсыз жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында дүкендерге азық-түлік делдалсыз жеткізіледі

10.02.2022

Ақмола облысында азық-түлік дүкендерге делдалсыз жеткізілетін болды. Бұған дейін өңірдегі көкөніс өсіретін жылыжаймен келісім жасалды. Қазір сүт зауыттарымен келіссөздер жүріп жатыр. Жергілікті атқарушы билік осылайша әлеуметтік азық-түлікті қымбаттатпауға күш салуда. Басқа өңірлерден келетін тауарларды да тек бір тасымалдаушы арқылы сауда орындарына жеткізу көзделген. Мониторингтік топ заңмен бекітілген 15 пайыздан артық үсетеме қосқандарды әзірге анықтаған жоқ. Енді ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілмек.

Ербол Оспанов,   Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:
Облыста көкөністердің, орамжапырақтың, картоптың, сәбіздің, сарымсақтың бағасы жоғарылады. Сондай-ақ, ірімшік пен қант та қымбаттады. Бұл маусымдық өзгеріс. Өндірушілер бағаны өсірді. Ал жұмыртқа арзандады. Біздің әлеуметтік дүкендерде баға нарықтан төмен. Мәселен, 1 келі картоп - 145, ірімшік - 1200, қант -320 теңге.


Хабарламаларға жазылу