Қазақстан шекарасынан өту тәртібі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан шекарасынан өту тәртібі өзгерді

11.02.2022

Қазақстанда карантиндік шектеулер жеңілдетіліп, шекарадан өту тәртібі өзгерді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, енді азаматтарға 15 күнде бір рет құрлықтағы бекеттен өтуіне рұқсат. Алайда бұл барлық азамат емін-еркін кіріп шығады деген сөз емес. Оның өз тәртібі бар. Айта өтейік, бұған дейін қазақстандықтар тек бір айда бір рет шекарадан өте алатын.

Елдегі эпидахуал әзірге тұрақты. Өткен бір тәулікте 2498 коронавирус жұқтырды. 20 науқас қайтыс болды. Ем алып жатқан 367 адамның жағдайы аса ауыр. Өңірлерде айтарлықтай өзгеріс жоқ. 8 өңір әлі де «қызыл» аймақта. «Сары» аймақта Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары болса, Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары «жасыл» аймақта.


Хабарламаларға жазылу