АҚШ президенті Джо Байден америкалық азаматтарды Украинадан шұғыл кетуге үндеді. Ақ үй басшысы бұл мәлімдемесін «Си-Эн-Би-Си» телеарнасына берген сұхбатында жасаған. Байден жағдай жылдам бақылаудан шығып кетуі мүмкін екенін ескертті. Телеарнаның хабарлауынша, соңғы кездері Ресей Украинамен шекарадағы өз әскерилерінің санын көбейтіп жатыр.
Берлин келіссөздері нәтижесіз аяқталды
Тағы бір мәлімет. Берлинде Украина бойынша «Норманд төрттігінің» келіссөздері еш нәтижесіз аяқталды. Ресей және Украина өкілдері осылай деп мәлімдеді. Дегенмен тараптар диалогта жалғастыра беруге келісті. Айта кетсек, Германия, Франция, Ресей және Украина кіретін " Норманд төрттігі" Украинаның шығысында 8 жылға созылған сепаратистік қақтығысты тоқтатуды көздейді.