Қостанайда есепке алу – бақылау таңбалары жалған 93 мың бөтелке алкоголь өнімі жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда есепке алу – бақылау таңбалары жалған 93 мың бөтелке алкоголь өнімі жойылды

11.02.2022

Қостанайда 93 мың бөтелке алкоголь өнімі арнайы полигонға апарып жойылды. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл өнімдердің есепке алу – бақылау таңбалары жалған екенін анықтаған. Заңсыз айналымнан алынған ішімдіктердің 52 тауарлық түрі болды. Жалған құжатпен сауда-саттық жасағандардың әрекеті экономикалық тергеу департаменті жүргізген тексеріс кезінде әшкереленген.

 Көркем Бекетова, Экономикалық тергеу департаментінің аға жедел уәкілі:

Бұған дейін департамент бақылау-тексеру барысында кәсіпорындардың бірінде қойма меңгерушісінің белгісіз тұлғадан құрамында спирті бар өнімді сатып алғанын, кейін Қостанай қаласының дүкендерінде қайта сатқаны анықтаған. Сот қойма меңгерушісін айыпты деп танып оған 1000 АЕК көлемінде айыппұл салды.


Хабарламаларға жазылу