Талдықорғанда ел басына күн туған шақта азаматтық танытқан тұрғындар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда ел басына күн туған шақта азаматтық танытқан тұрғындар марапатталды

11.02.2022

Талдықорғанда қаңтардағы дүрбелең кезінде азаматтық белсенділік танытқан тұрғындар марапатталды. Олардың қатарында кәсіпкерлер, еріктілер мен белсенді азаматтар бар. Солардың бірі -Индира Қасымова. Ол облыс орталығындағы ірі мейрамханалардың бірінде аспаз болып қызмет етеді. Бірнеше күн бойы 400-500 адамға ас әзірлеп отырды. Ыстық тамақ блокбекеттерде тұрған әскерилер мен тәртіп сақшыларына, емдеу мекемелеріндегі ақ халаттыларға күніне екі реттен жеткізіліп тұрды. Бүгін Индира сында 20-дан астам қала тұрғынының кеудесіне «Қазақстан патриоты» төсбелгісі тағылды.

Индира Қасымова, қала тұрғыны:
Қазақ елінде енді мұндай заман тумаса екен. Жастарымыздың келешегі жарқын болсын.


Хабарламаларға жазылу