Шетелден жұмыс күшін тартуға берілген квота биыл 16%-ға қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден жұмыс күшін тартуға берілген квота биыл 16%-ға қысқарды

11.02.2022

Шетелден жұмыс күшін тартуға берілген квота биыл 16%-ға қысқарды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, енді елде 28 мың емес, 23 мың шетелдік маманды жұмысқа шақыруға болады.

Квота 4 санатқа бөлінеді. Басшы және оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімше басшысы, білікті жұмысшылар мен мамандар. Ал маусымдық жұмысқа 2300-ден аса адам шақырылады. Дегенмен бұл шараның еңбек нарығында тапшы мамандық иелері мен бейінді мамандарға қатысты жоқ. Былтыр елде жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 932 шетелдік азамат еңбек етті.


Хабарламаларға жазылу