Ал Қазақстанның өзге елдермен тауар айналымы 101 миллиард доллардан асты.
2021 жылдың қорытындысын бүгін Сауда және интеграция министрлігі жария етті. Мәліметтерге қарағанда тауар айналым 2020-мен салыстырғанда 17,4 пайызға өсіп отыр. 101 миллиардтың басым бөлігі экспортқа тиесілі. Оның үлесі 60 миллиардтан асады.
Айта кету керек экспорт көлемі 27 пайыздай өскен. Шетелге тасымалданған негізгі тауарлар мұнай, мыс, ферроқорытпа, газ және уран. Ал импорт көлемі 41 миллиард доллар.